Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары тапаншамен жүрген азаматты қарусыздандырды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Кеше, 17 шілде күні Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің сарбаздары қырағылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солкүні түнде қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген жауынгерлер жол жиегінен 10-15метр қашықтықтан қарудың оқталған дыбысын естиді.

Автомобильдегі жедел мақсаттағыбатальонға қарасты әскери жасақ жетекшісі ефрейтор Қасымбек Арынов, патрульефрейтор Владимир Ерачин және қатардағы Максим Дүйсенбай дереу оқиға орнынажетеді. Белгісіз азамат оларға дөрекі сөйлеп, қаруын кезеніп сес көрсетеді.Сарбаздар көз ілеспес шапшаңдықпен күш қолданып, күдіктініқарусыздандырады. Оқиға орнына патрульдік топ бастығы Ақтөре Берікбай менәскери жасақтар кезекшісі капитан Қуанышбек Асқаров та жылдам жетеді.

Ұландықтар жауынгерлік қарумен заңбұзған азаматты Еңбекші ауданының ішкі істер департаментіне тапсырды. Тексеріснәтижесінде күдіктіден оқтаулы «Макаров» тапаншасы мен 7 оқ тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар