Шаһар басшысының сөзіне қарағанда, өткен жылы қаладағы 124 мектепті және үш білім ұясын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Барлық жұмыстар толығымен аяқталып, алты мектеп пен 4 қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Тағы жаңа 5 мектептің құрылысы мен 4 қосымша ғимарат салу жұмыстары басталып, оны аяқтау осы жылға жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Нұрлан Сауранбаев барлық мектепке баратын жолдарға жаяу жүргіншілер жолдарын салу, жарықтандыру, бағдаршамдар және жол белгілерін орнату туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
«Балалардың қауіпсіздігі, денінің сау болуы қашан да бірінші кезекте тұратын мәселе. Осыған сәйкес мектепке жақын жолдар мен көшелерге талдау жүргізіліп, ауқымды жоба жасалды. Бірінші кезектегі маңызды аумақтарға жарықшамдар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады»,- деді қала әкімі.