Қайғылы оқиға қаланың мөлтекаудандарының бірінде орын алған. Белгілі болғандай, келіншек бұл пәтерге төркіндетіп келіпті. Ал, түн ортасында сыртқа шыққан. Артынан кешігіп кеткен соң, іздеген туыстары бесінші қабаттан шатырға шығатын жерде оның асылып тұрғанын көреді. Жедел жәрдем қызметін шақырғанымен әйелді аман алып қалу мүмкін болмапты.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Спабек Жарқынбековтың сөзінше, қазір осы оқиға бойынша Еңбекші аудандық ІІБ Қылмыстық кодекстің 105 бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізуде. Түрлі сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, туыстарынан жауап алынуда. Марқұмның не себепті осындай әрекеттерге барғаны анықталып жатыр.