Шымкентте ұялы телефонын қуаттамақ болған азамат көз жұмды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте ұялы телефонын қуаттамақ болған азамат көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілдеде сағат 02:30-да жеке тұрғын үйде 1996 жылы туған азаматтың көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысындаоның ұялы телефонын қуаттау кезінде ток ұрып, көз жұмғаны анықталды.

«Телефон тогының иісіжоқ, түсі болмайды, дыбыс шығармайды. Сондықтан бұл жағдайға аса абай болу керек. Электр тоғы ұрған кезде зардапшеккен өзіне көмек көрсету қабілеттілігі жоқтығынан қаупі ұлғаяды. Тоқтың әсеріадамға ұзаққа созылған сайын, оқиғаныңөліммен аяқталуы ықтимал»,-делінген ескерту хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылы қалада осындай жағдаймен 4 адам көз жұмған еді. Оның ішінде екеуі2004 және 2009 жылы туған балалар бар.


Соңғы жаңалықтар