Шымкент қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелет жасына толмаған қызы үйінен шығып, қайта оралмағаны жөнінде арызданған.
Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.
Тәртіп сақшыларының жедел қызметіне риза болған қыздың анасы алғысын білдіріп, полицейлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары қала тұрғындарын балаларына бас-көз болуға шақырады.