Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатындаұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мен қалалық«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы ҚайратМолдасейітов, сондай-ақ палата директоры Нұрлан Қабыштаев қатысып, құттықтаусөз сөйледі. Қала әкімдігі менКәсіпкерлер палатасы бірлесе ұйымдастырған іс-шара аясында «Халық тұтынатын үздік тауарлар»,«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», « Үздік азық-түліктауарлары» бойынша номинация иегерлері анықталды.
Жеңімпаз тауар өндірушілер жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысу құқығынаие болды.