«Үш жеткіншек теміржолдан өтіп бара жатқан. Оның бірі, 6-сынып оқушысы вагонға шыққан, артынша оны күшті ток соғып, жерге лақтырып жіберген. Онда 27 000 вольт электр кернеуі болған. Соның салдарынан бала денесінің 60%-і күйіп кеткен», - деп мәлідеді ІІЖБ-дегілер. Жеткіншек Шымкент облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.
20:30, 10 Қазан 2017
Шымкентте вагонға шыққан баланы жоғары кернеулі ток ұшырып жіберді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 10 қазан күні 10:00-де Көксай-1 елді мекенінің маңында тұрған жүк пойызының вагонына шықан он бір жастағы баланы жоғары кернеулі ток соққан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Шымкент станциясының ішкі істер желілік бөлімшесіне сілтеме жасап.