Орын Ербосын Бектұрсынұлы ОҚО имамының орынбасары және Шымкент қаласының «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы қызметінен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Іс басқарушысы қызметіне ауысты.
Ол 1998-2006 жж. Египет Араб Республикасындағы Ал-Азхар университетінің «Теология негіздері» факультетінің «Тәпсірші» мамандығы бойынша тәмамдады.
2008-2010 жж. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы университеті «Дінтану» мамандығының магистрі. 2009-2011 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында діни сараптау және талдау бөлімінің және 2010 жылдары қосымша қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
«Тәжірибесі мол, білімді де білікті маман, жамағат пен жергілікті әкімшілік жүйемен тіл табыса білетін азамат. Сондай-ақ, бірнеше кітаптар мен мақалалардың авторы», - деп жазады muftyat.kz.