Шымкентте жаңа кондитер фабрикасы ашылды (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте «Рахат Шымкент» ЖШС кондитер фабрикасы салтанатты түрде ашылды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция оңтүстіккореялық «Lotte» компаниясы тарапынан тартылып, оның көлемі шамамен 3,2 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу «Рахат Шымкент» ЖШС-іне Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында бәсекелестікке қабілетті жаңа өнім шығаруға, республика ішіндегі кондитерлік бұйымдарға сұранысты қанағаттандыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сонымен бірге бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндірістің жылдық көлемі 23 мың тонна болады деп жоспарлануда, кәсіпорында қосымша 100 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта энімдерді сыртқы нарыққа шығарудың мүмкіндіктері ойластырылмақ. «Индустрияландыру бағдарламасы аясында жасалған жағдайдың арқасында Қазақстанда экономиканың шикізаттық емес секторларында шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалар табыспен жүзеге асырылуда. ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылдары өңдеу өнеркәсібіне бағытталған барлық инвестицияның 74% тартылған болатын. Тікелей шетелдік инвестиция жасаудың жалпы артуымен қатар өңдеу өнеркәсібінің үлесі ҮИИД МБ-на дейінгі 7%-дан индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 14%-ға дейін артты», делінген хабарламада.