Бұл күні сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімдерінің автомобиль паркі заманауи өрт сөндіру техникасымен толықты. Жаңа техникалардың кілтін Бұқарбай Парманов табыстады.
Айта кетейік, жыл сайын өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы заманауи өрт сөндіру техникасымен толығуда. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрінде көмек көрсетіп келеді. Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында Беларусь Республикасынан тағы 30-дан астам заманауи өрт сөндіру техникасын сатып алу жоспарланған.
Сондай-ақ №4 өрт сөндіру бөлімінің аумағында автокөліктерге арналған өрт сөндіру депосы салынып, бөлім аумағындағы жол жөнделді. Бұдан бөлек, арнайы техникалар тұратын автотұрақтарға күрделі жөндеу жүргізілді. Осылайша өрт сөндіру автокөлігінің жедел және кедергісіз өтуіне барлық жағдай жасалған.