«Shymkent» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мектепке студенттер мен бизнесмен болғысы келетін университеттің түлектері қатыса алады. Жас ерекшеліктері 18-ден 35-ке дейін болуы міндетті. Жастар 15 күндік курста білікті бизнес-жаттықтырушылардан дәріс алып, арнайы кәсіптік бағдарлама әзірлейді. Мектептің айрықша ерекшелігі - электрондық коммерция негіздерін үйрететін болады. Үздік бизнес-идеялар қаржыландыруды алады. Жаңа бастаған кәсіпкер үшін қажет ақпараттың толық көлемін қамтиды.
21:15, 06 Ақпан 2019
Шымкентте жаңа «Shymkent Business School» мектебі ашылады
ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - Шымкентте жаңа «Shymkent Business School» мектебі ашылады. Аталған жобаны «Shymkent» ӘКК» АҚ, Silkway Университеті және UX group компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.