«Бұл Шымкент! Жас отау құрған жастар және беті ашылмаған келіншек» деп жазды әкім желідегі жеке парақшасында.
Шаһар басшысы сонымен қатар сайлауда дауыс беріп жатқан жас жұбайлардың фотосын да жүктеді.
Айта кетейік, жаңа түскен келіншек Ақжайық мөлтекауданындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.
Шым шаһарда 260 сайлау учаскесі ашылып, оларда бас-аяғы 568 мыңнан аса адам дауыс беру құқығына ие болған. Сағат 12-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласынан - 24,6 % сайлаушы өз таңдауларын жасап үлгерді.