Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жолайырықтың ұзындығы 6 шақырымға жетеді. Бұл көше Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тассай тұрғын алабын байланыстырады деп жоспарланған. Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда Астана даңғылының бойы да көркейтілуде. Мұнда ұлттық үлгідегі шағын сәулет құрылымдары қойылып, жарықшамдар орнатылған. Сахнасы бар үлкен гүлзар ашылып, шағын гүл алаңшалары егілген.
Бұған қоса, Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, «Нұрсәт-3» шағынауданының сай-саласында спорт және балалар алаңшалары мен демалыс саябақтары бой көтереді деп күтілуде.