Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын бүгін таңғы 06.55-те шыққан. Өрт туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына №2 шақырту бойынша төтенше жағдайлар қызметінің 13 техникасы мен жеке құрамнан 40 адам және апаттық медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, №55652 әскери бөлімінен 6 қызметкер мен 2 дана техника және әуежайдың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер мен 2 дана техника жеткен.
«Өрттің салдарынан терминалдың шатырының көлемі 270 шаршы метр болатын ағаш бөренелері жанып кеткен. Өрт сағат 07:27-де оқшауланып, сағат 07:35-те толығымен сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда» делінген хабарламада.