Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы Еңбекші ауданының 264 орамында болған. Бұл туралы хабарлама сағат 15.55-те келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі «KAZ Oil Trading» ЖШС-ға тиесілі.
«Оқиға орнында өрттің алдын алу үшін жедел шаралар қабылданды. Оған өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, «Өрт сөндіруші«АҚ-ның 9 қызметкері мен 2 техникасы көмекке жетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген хабарламада.