Марқұмды жерлеу рәсімінің шығындарын 6506 әскери бөлімі толықтай өз мойындарына алған.
«Бүгін таңертең Шымкент қаласы әкімдігінде арнайы құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен. Онда жәбірленушілерге көмек көрсету мәселесі қаралды. Қазіргі таңда, зардап шеккен екі отбасыға азық-түліктер мен жылы киімдер жеткізілген. Баспанасыз қалған бір отбасыны уақытша тұрғын үймен қамту жайы қарастырылуда», - дейді А. Жұмағұлова.
Сондай-ақ, сағат 11.00-де жарылыс болған үйді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып көрмекші.
Еске сала кетсек, 8 қаңтарда шамамен сағат 03:30-да Шымкент қаласындағы Халықтар достығы көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, баспана опырылып құлаған болатын.
Алмас СҰЛТАН