Сондай-ақ №2 қалалық ауруханасынан ашылған бөлімшеде мерзімінен асқан жүктілік пен артериалдық гипертензияның орта дәрежесін, қан аздықтың ауыр дәрежесі мен қант диабетіне шалдыққан әйелдерге де емдік шаралары жасалады.
11:01, 16 Қаңтар 2019
Шымкентте жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған аналарға арнайы орталық ашылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған аналарға арнайы орталық ашылды. Заманауи құралдармен жарақтандырылған бөлімшеде дәрігерлер келіншектерді жүктіліктің 34 аптасынан бастап, түрлі патологиялар бойынша бақылауда ұстайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.