Қаладағы әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне бір жасөспірімнің анасы арызданған. Оның сөзінше, орталық көшелердің бірінде белгісіз біреулер кәмелет жасына толмаған ұлына күш көрсетіп, ұялы телефонын тартып алыпты.
Болған жайт бойынша тәртіп сақшылары «Тонау» бабымен қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді іздестіреді. Шұғыл іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген үш сезікті ұсталды. Қолға түскен үшеудің ішінде жасөспірімдер де бар болып шықты.
Тергеу барысында олардың дәл осы күні тағы екі қылмыс жасағандары анықталды. Яғни, Қырғыз базары маңынан өтіп бара жатқан екі жасөспірімді тоқтатып, күштеп телефондарын тартып әкетіпті. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.