Айыпталушылардың бірі 26 жастағы Вазир Сүлейменов Қылмыстық кодекстің бес бірдей бабымен айыпты деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, екінші айыпталушы Анатолий Поликов пен Орынбасар Орынбаев қылмыстық кодекстің үш бабымен кінәлі деп танылып, екеуі 6 жылға түрмеге жабылды.
Еске салайық, айыпталушылар 15 жасар баланы травматикалық және бытыралы қарудан оқ атып өлтірген болатын. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында жан тәсілім етсе, тағы екі адам дене жарақатымен ауруханаға түскен болатын.