Қалалық ТЖД мәліметінше, 24 ақпан күні кешкі сағат 19:00-ге дейін Абай ауданындағы Самал-3, Ақтас, Еңбекші ауданында 4 көше бойында, Қаратау ауданында Қайтпас-1, Сайрам, Нұртас мөлтек аудандарын су басқан.
Қала аумағында 10 мекенжайдан хабарлама түскен. Оған өрт сөндіру бөлімдерінің 54 қызметкері мен 10 техникасы, 11 мотопомпа жұмылдырылды.
Су басқан көшелер мен тұрғын үй аулаларынан 252 текше метр су шығарылған.