Қаладағы №11 емхана мамандары Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелердегі жазасын өтеушілерге профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Медицина қызметкерлері алдымен уақытша ұстау абақтысындағы азаматтарды тексеруден өткізді. Профилактикалық тексеруге травматолог, хирург сынды жалпы тәжірбиелі мамандар қатысты.
Тексеруден кейін өз еркімен келісім берген азаматтарға ревакцинация жасалды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қалада 597 955 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 584 622 адам екпенің екі компонентін алған. Ал, Pfizer вакцинасының I компонентін 51 679 адам, II компонентін 29 669 адам қабылдады. 127 294 адам ревакцинацияланды.