Жол-көлік оқиғасы Иляев және Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі басты жолмен келе жатқанда оны келіп жол талғамайтын көлік соққан. Содан соң жедел жәрдем көлігі ағашқа соғылған.
Оқиға салдарынан оның жүргізушісі ес-түссіз ауруханаға жеткізілді.
Апат болған жерде тергеушілер жұмыс істеп жатыр.