Шымкентте жоғалған 12 жасар бала аман-есен табылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жоғалған 12 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-на 23 наурызға қараған түні сағат 03:50-де 2010 жылы туған Даниил Тиссеннің жоғалып кеткені туралы хабар түскен болатын.

Аталған жағдай бойынша Шымкент полицейлері баланың тұрған жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жасөспірімді іздеуге 150-ден астам полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ұл баланың аман – есен табылғандығын хабарлады.

«Ұл бала табылды. Шымкент полициясы барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдіреді» - делінген хабарламада.