Полиция қызметкерлері Жанельді Шымкенттегі Темірлан тасжолының бойындағы сауда орталықтарының бірінің жанынан тапқан.
«Қыздың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Қажетті процедураларды жүргізген соң полиция қызметкерлері Жанельді анасына тапсырады»,-деп хабарлады ІІД-нен.
Айта кетейік, бүгін 2007 жылы туған қыз үйінен кетіп, қайтып оралмаған болатын. 10 жастағы қызды іздеуге полицияның жеке құрамы түгел жұмылдырылды.