Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүлдіршін мен оның әпкесі өз үйлеріне қайтарылды. Қазір полицейлер бір тәулік бойы жоғалып кеткен бүлдіршін мен науқас туысының қайда болғанын анықтап жатыр.
Еске салайық, кеше Шымкент қаласының тұрғыны полицияға арызданған болатын. Онда Маржан Тағайбеккызы есімді туған әпкесі кішкентай қызын алып, із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған. Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшыларының әрекеті нәтиже бермеген болатын. Кейін қала тұрғындарына хабарлап, бүлдіршін мен әпкесін көрген білгендер болса полицияға айтуын сұраған еді.