Куәгерлердің сөзінше, электр сымындағы ақауды жөндемек болған азамат бағанаға шыққан. Сол мезетте әлгі азамат тоққа түсіп қалған. Салдарынан электрші оқиға орнында көз жұмған.
Шақыртумен келген құтқарушылар қаза болған азаматтың денесін жерге алып түскен. Алдын ала болжам бойынша өлім құшқан азамат қауіпсіздік ережелерін сақтамаған болуы мүмкін. Нақты себебі анықтау жұмыстарынан кейін белгілі болады, деп хабарлайды ТВК телеарнасы.