Шымкентте жол талғамайтын көлік анасы мен қызын қағып мерт қылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында анасы мен қызын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 9.35 шамасында Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды»,-делінген хабарламада.


Видеодан алынған кадрлар