Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы таңғы сағат сегіздер шамасында Байтереков көшесі мен Астана даңғылы бойында болған. №40-шы автобус жеңіл көлікпен соғысып, аударылып қалған.
«Жол апатынан зардап шеккендерге оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы шұғыл медициналық қызмет көрсетуде. Оқыс жағдайдан 13-адам зардап шеккен. Олардың үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізуде. Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір азаматша оқиға орнында көз жұмды» делінген хабарламада.