Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз көлік қағып кеткен адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері келеңсіз жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, ізін суытқан жүргізуші мен оның автомобилін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
«Осы жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 347 бабы және 345 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.