Шымкентте «Жолда қабылдау» акциясы 1 жылда 9 рет өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жыл бойына 9 рет «Жолда қабылдау» республикалық акциясын ұйымдастырған.

Полицейлер осылайша азаматтарға ашық құқықтық қызмет және көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілу керек деген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында үшінші мегаполистің полицейлері азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мен қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту ісін жүзеге асырды.

«Жолда қабылдау» акциясына жалпы саны 11 835 қала тұрғыны мен қонақтары қатысып, олардың тарапынан 10 033 сұрақтар қойылды. Халықты тоғандырған сауалдарға полиция тарапынан жан-жақты жауаптар берілді. Қабылдау барысында ішкі істер органдарының әрбір саласының өкілі қамтылды. Жалпы сұрақтың басым көпшілігі азаматтардан өздерінің әкімшілік айыппұлдары бар-жоғын білу және жүргізуші куәліктерін алудың тәртібі жөнінде ақпарат алуға қатысты болды. Айта кетейік, бұл акция азаматтар үшін өте ыңғайлы болып, тиімділігін көрсетті. Осыған байланысты аталған акция 2020 жылы да жалғасын табатын болды.