Оқиға Тәуке хан даңғылының бойында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі велосипедпен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасынан 50 жастағы қала тұрғыны көз жұмды.
«Аталғар жайт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, оның нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданатын болады»-делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан хабарламада.