ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға түскі сағат 15:36-да шамасында болған.
Еңбекші ауданы Тоғыс елдімекені, Керуен сарай көшесі №169 үйдің жанында «Газель» жүк көлігі өртке оранған.
Ішіндегі құрылыс заттары мен көліктің құжаттары да түгелімен жанып кеткен.
«Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 9 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды» делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.