Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигіде айтты.
«Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 34 337 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны – 32 682. Өкінішке қарай, 1110 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 1317 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 805 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 512 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 126 жағдайы тіркелді», - деді әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ, Шыңғыс Мұқан қаланың медициналық мекемелері эпидахуалдың 3 сценариі бойынша дайындық үстінде тұрғанын баяндады.
«Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілген болатын. Бірінші ағымдағы жағдай бойынша 1 290 төсек-орын жұмыс істеп тұр. Екінші сценарицй бойынша, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ке дейін артады. Үшінші сценарий бойынша эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылады. Қалада 1363 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап 1780 төсек-орын жабылды», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.