Мереке күні босанған аналардың әрбіріне гүл сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар мен ойыншықтарды тарту етті. Тәуелсіздік күні босанған келіншектерге сый-сияпаттар табысталып, қуанышқа кенелді.
Айта кетейік, демографиялық өсім жағынан Шымкент қаласы елімізде алдыңғы орында тұр. Мұндағы бала туу көрсеткішінің жоғары болып, жыл басынан бері 28605 сәби дүниеге есігін ашқан.
Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш мың балаға артық.
Ағымдағы жылдың он бір айында дүниеге келген сәбилердің арасында егіздер саны да көп. Үшінші мегаполисте 274 егіз және 6 үшем туған.