Шымкентте жылыту маусымы аяқталды

None
ШЫМКЕНТ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Шымкентте 114 күнге жалғасқан жылыту маусымы аяқталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы орталығындағы жылыту маусымын аяқтау жөніндегі шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдады. Өйткені бірнеше күннен бері ауа температурасы түнде 8-10 градус жылылықты көрсетуде.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Болат Рысқұлбековтың сөзіне қарағанда, осы маусым ішінде небәрі 10 штаттан тыс жағдай болды.

Айта кетейік, биыл қалада жылу магистральдарын жөндеу жұмыстарына 2 млрд. теңге қаржы жұмсау жоспарлануда.