Сақтық шараларына ұдайы көңіл бөлетін қызметкерлер тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы жанұяларды және жалғыз басты қариялар тұратын тұрғын үйлерді аралап шықты. Оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар газбен уланудың алдын алу және тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану мақсатында, жылыту құрылғыларының құрылыс нормалары мен ережелерінің сәйкестігіне назар аудару керектігін ескертіп шықты. Мамандардың айтуынша, әсіресе «Камень» пешін дұрыс пайдалану керек. Себебі, соңғы кездері уланудың басым бөлігі осы пештен пайда болып отыр екен. Көп жағдайда тұрғындар пештерін қысқа дайындамай, соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соуда.
21:05, 10 Желтоқсан 2019
Шымкентте жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жүргізілуде
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары жүргізілуде. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.