«ҚР Денсаулық сқатау министрлігінің тапсырмасымен ведомствоның бірқатар қызметкері дәрі-дәрмек жеткізушілермен келіссөз жүргізу мақсатында Мәскеуге кеткен болатын. Себебі дәріні өндіретін «Бристол-Майерс» фармацевтика компаниясының бас өкілдігі осында орналасқан. Бұл көтеріліп отырған мәселе тікелей кездесу барысында шешілетін жайт болатын», дейді Ғ.Мырзахметов.
Оның атап өтуінше, ертең, яғни маусымның 9-ы күні Шымкент қаласына аталған дәрінің 1 айлық көлемі жеткізілмек.
Сонымен қатар ол тендер өткізілген кезде нормативтік-құқықтық актілер аясында арзан бағамен ұсынылған патенттелмеген дәрі-дәрмектің конкурстан өтіп кеткендігін алға тартады. «Бұл орайда патенттелмеген дәрінің елімізге енуіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің еш қатысы жоқ. Себебі тендерді «СК-Фармация» өткізген болатын», дейді ол.