Аталған шараларға қаладағы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет пен М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі «Заң» бөлімінің студенттері, № 8 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы мектеп гимназия мен ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының және № 25, № 72 жалпы орта мектептерінің оқушылары қатысты.
Ашық есік күніне қатысқан жастар мен жасөспірімдер сот ғимараттарын аралап, замануи электронды сервистермен танысты.
Сондай-ақ, қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бастамасымен Жолдауда сотқа жүктелген міндеттердің іске асырылу барысын талқылау мақсатында Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, заңгерлердің қатысуымен «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді.
Сонымен қатар, Абай аудандық сотының төрағасы С.Тоқбергенов пен судья М.Құдайбергенова және И.Гаврикова Жолдауда Президенттің сотқа жүктеген міндеттерін іске асыруға байланысты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.
«Қазақстан Президентінің Жолдауындағы сотқа жүктелген міндеттерінің іске асырылуы» тақырыбында Шымкент қаласы әкімшілік сотының судьясы С.Ниязбек ұйымдастырған «дөңгелек үстелге» адвокаттар мен құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.
Қала тұрғындарына да кеңінен насихатталды.