Шымкенттегі ауруханалар мен орталықтарда облыс тұрғындары да емделе алады
Басқарма басшысының сөзінше, қаладағы барлық медициналық мекемелер әкімшілік бағыныстылығына қарамастан халыққа бұрынғыша көмек көрсете беретін болады.
«Облыстық клиникалық аурухана дәл баяғыша облыс тұрғындарымен қатар, қала тұрғындарына да көмек көрсетеді. Ал, егер қаланың иелігіне өткен кардио орталыққа келер болсақ, екі жақтың тұрғыны да аурухана көмегіне жүгіне алады. Мұны екі әкімдік те, Денсаулық сақтау министрлігі де қолдап отыр. Сондықтан, облыста және қалада тиісті медициналық ұйымдар болмағанша осылай жалғаса бермек», - деді Нұрлан Қасымов.
Еске салсақ, аумақтық бөліністен соң Түркістан облысының меншігіне Шымкенттегі облыстық клиникалық және балалар ауруханасы, екі перинаталды орталық, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлер қалған болатын. Қалған емдеу мекемелері қалалық денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өткен еді.