Атап айтқанда, бұл жағдайға қатысты жолаушылар тасымалымен айналысатын ірі компания басшылығы мәселе көтерген. Олар автобустарға отынды 265 теңгеден сатып алып келген.
Қаржылық мониторинг агенттігі департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша дизель отыны бағасын тексеріп, осы орайда аталған отын түрін жеткізу іс-шаралары реттелді.
Бұл тұрғыда Шымкентте қоғамдық көліктерге арналған дизель отынының литрі 230 теңгеден жеткізіледі. «Shymkent Bus» ЖШС-на қажет отынды тиісті мөлшерде жеткізу мәселесі шешілді. Енді автопарк ай сайын 20 миллион теңгеден астам қаржысын үнемдей алады.
«Жалпы, жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлардың заңсыз іс-қимылдарына Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Атамекен» палатасы бірлесе тосқауыл қоятын болады», - делінген ведомство хабарламасында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр тамыз айында Энергетика министрлігінің мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді.