«31 мамыр күні «102» байланыс желісіне хабарлама түсті. Онда Дендросаябақ аумағында ер адам асылып тұрғаны туралы айтылды. Полицейлер белгісіз адамның өлім фактісін әл-Фараби аудандық полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Тергеу барысында оның тұлғасы анықталды. Ол Ресей азаматы болып шықты. Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім себебі тұншығу болған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», - делінген Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.
14:47, 24 Маусым 2022
Шымкенттегі Дендросаябақта Ресей азаматы асулы күйінде табылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында Ресей азаматы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.