ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өтті.
Ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында төбелес болды.
Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Ал,
жергілікті команданың жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.
«Полицияға шағым түскен жоқ. Ал, жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.