Оқиға Еңбекші ауданында орналасқан «Ордабасы» индустриялдық аймақ аумағында болды. «Аль-Абай» ЖШС-на қарасты сабын шығаратын цех қоймасының ішінде сабын дайындауға арналған шикізат өртке оранды.
«Өрттің көлемі – 285 шаршы метр. Сағат 23:02-де оқшауланып, 02:29 толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі мен материалдық шығындардың көлемі анықталып жатыр. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 80 қызметкер, 22 техника, «Эко» ЖШС-нің 4 дана су тасығышы мен 4 қызметкері және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.