Жаңартылуы тиіс ауданның жалпы көлемі 29 гектерды құрайды. Жоба бойынша Қошқар ата өзенінің оң жағалауындағы 460 нысан сүрілмек. Соның ішінде 420 жекеменшік үй бар. Бұл нысандар сүрілген соң, орнына 9 және 12 қабатты 61 үй, балабақша салынады деп күтілуде. Сондай-ақ осындағы мектеп те қайта жөндеуден өтіп, кеңейтілмек. Коммерциялық нысандар да салынады бірақ олар тұрғындарға кедергі келтірмейді, - дейді мамандар.
Ал, ескі үйлерді мемлекет мұқтажына алу мәселесі біртіндеп шешіледі. Бұл тұста бірнеше жол қарастырылған. Мысалы, бірінші жоспар бойынша тұрғындарды уақытша үйлерге көшіріп, құрылыс аяқталған соң бұрынғы үйлерінің ауданымен тең болатын пәтер беріледі. Ал екінші жоспар бойынша тұрғындардың үйлері бағаланып, сатып алынбақ. Ұсынылған екі жолды тұрғындардың өздері таңдайды.
Сәулетшілер сонымен қатар Қошқар ата өзенінің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі сағасын кеңейту жобасын талқылаудан өткізуде. Ондағы өсіп тұрған ағаштарды толық сақтап қаламыз деп отыр.