Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың сөзінше, сарапшылар шараның шамамен 5 айлық екенін анықтаған. Бойы 36 см болса, салмағы 690 грамды құраған. Мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық-зомбылық белгілері табылмапты. Дегенмен Әл-Фараби аудандық ішкі істер қызметкерлері осы жәйтке қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Алдын ала оны түсік тастаған әйел әдейі суға лақтырып кетуі мүмкін деген де болжам жасалуда.
01:35, 29 Желтоқсан 2017
Шымкенттегі Қошқарата өзенінен шарананың мәйіті табылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қаланың тазалығымен айналысатын жұмысшылар Қошқарата өзенінен шарананың мәйітін тауып алды. Қоқыстың арасынан шыққан қыз баланың мәйіті екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.