Шымкенттегі мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қайтыс болды
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрғали Жүнісовтың сөзінше, оқиға 26 ақпан күні сағат 13.30-да Х.Досмухамедов атындағы №4 орта мектебінің кіші фойесінде болған. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектеп ішіндегі жүргізілген газ-дәнекерлеу жұмыстары барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Кейінінен ұстаз алған жарақатынан айықпай, қайтыс болыпты.
«Осы орын алған төтенше жағдай мен адамның қайтыс болуына байланысты Шымкент қалалық Абай аудандық ішкі істер басқармасы тергеу, анықтау жұмыстарын жүргізуде. Жарылыс болған болмағаны туралы ақпараттар бізге беймәлім. Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Сот-сараптама жұмыстары жүргізілуде. Заңмен белгіленген уақыты бар. Сол сот-сараптама қорытындылары мен құжаттары анықталған соң айтылатын болады»,-деді Жүнісов.