Бұл туралы «ПетроҚазақстан» компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жөндеу жұмыстарының аяқталуына орай кеше қайта өңдеуге мұнай қабылдау басталған, ал бүгін мұнайды айдаушы құрал іске қосылған. Қалған өндірістік құралдар технологиялық талаптар бойынша біртіндеп іске қосылатын болады.
«ПетроҚазақстан Ойл продактс» ЖШС басшылығы мен компания ұжымы республика жұртшылығы алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, қазіргі таңда қалыптасып отырған мұнай өнімдері бағасын қалыпты ұстауға ықпал жасауға тырысады» делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
"ПетроҚазақстан" Қытайдың ұлттық мұнай корпорациясы мен «ҚазМұнайГаз»-дың иелігіндегі компания болып табылады. Қазіргі таңда мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу, сатумен айналысады.