Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың барысы мен кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралған жиында жаңадан жасалған жүйенің сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық деңгейінің төмендеуіне ісер еткені айтылды. Еске сала кетсек, «I-mektep» электронды жүйесі оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау бойынша қала аумағындағы 29 мектепте енгізілген. Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның айтуынша, жаңа жүйе оқушылардың үлгерімін 15%-ға, сабаққа қатысуын 35% -ға арттыруға әсер етіпті.
«Оқушылардың сабаққа жүйелі түрде қатысуы - қылмыстық жағдайдың алдын алуда маңызды орын алады. Бұл жүйе өз кезегінде, біздің ұзақ жылдар бойы атқарып келген қызметімізді едәуір жеңілдетіп, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізуде», - деді Данияр Мейірхан.
Ендігі жерде, Шымкент қаласының мектептерінде қолданысқа енген аталмыш пилоттық жүйе ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігі тарапынан зерделеніп, ел аумағындағы өзге де орта мектептерде жүзеге асырылмақ.