Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күндізгі сағат 16:41-де көліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.
«Өртті ауыздықтауға қалалық ТЖД 11 сөндірушісі мен арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын жылдам сөндірілді. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері көліктің моторындағы электр қозғалтқышы өртенгенін анықтаған. Өрттен ешкім зардап шекпеген», - делінген хабарламада.