Шымкенттегі шұғыл желіге 50 мыңға жуық қоңырау түскен

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде шұғыл желі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«8 (7252) 44-94-72 шұғыл желісі және эвакуациялық пунктер жетекшілерінің телефондары арқылы да осы пунктердегі азаматтар туралы барлық мәліметті білуге болады. 25 маусым күнгі сағат 12:40-тағы мәлімет бойынша шұғыл желіге барлығы 47 365 қоңырау түскен», - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Арыс-Шымкент» арнайы бөлімі ашылып, сағат сайын қауіпсіз жерге көшірілген адамдар туралы мәліметтермен толықтырылуда. Бұған қоса, онда эвакуация пунктерінің мекенжайы, ондағы өкілдердің байланыс телефондары мен жоғалған Арыс тұрғындары туралы мәлімет жарияланған.